Саясат
"Нұр Отан" сайлауда 71% жинады
Exit poll нәтижесіне сәйкес, үш саяси партия Мәжіліске өте алады. Бұл туралы "Қоғамдық пікір" зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова мәлімдеді.
"Нұр Отан" партияcы – парламенттік сайлауда 71,09 % жинады. Сонымен қатар, Мәжілістің құрамына (төменгі палата) 10,95% жинаған "Ақ жол" және 9,1%-бен "Қазақстан Халық партиясы" кірді. Парламентке өту үшін қажетті 7% кедергіні тиісінше 5,29% және 3,57% жинаған "Ауыл" және "Адал" партиялары еңсере алмады", - дейді Айнұр Мәжитова.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлаушылардың келуі 63,3%-ды құраған.
Алайда Нұр-сұлтан, Алматы қалаларында наразылық акциялары да өтіп, сайлауға бойкот жариялауға шақырды. Жүзге жуық адамды құқық қорғау қызметкерлері ұстап, басқа наразылық білдірушілерді бірнеше сағат бойы Жедел әрекет ету тобы суықта ұстап тұрды. Кейбір наразылық білдірушілерге жедел жәрдем көмегі жеткізілді.