Weekend

2021 жылы Құрбан айт мерекесі қашан тойланады?

ҚМДБ биылғы жылдың маңызды діни мерекелер кестесін жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мұсылмандарға арналған 2021 жылдың күнтізбесіне сәйкес, Құрбан айт мерекесі шілде айының 20-22 аралығында үш күн өтеді. 

Рамазан айында ораза ұстау 14 сәуірден басталса, Әл-Мираж түні 10 наурыздан 11 наурызға дейін, Барат түні 28 наурыздан 29 наурызға дейін өтеді. Ләйләтуль Кадр түні - 9 мамыр күні түнде. Ораза біткеннен кейінгі 13 мамыр - Ораза айт мерекесі.  

Ал Араф күні 19 шілдеде болса, Ашур күні 19 тамызға, ал Мавлид 18 - 19 қазанға қараған түні бекітілді.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі атап өткендей, хижра айының басы осы Халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтеріне негізделген. Мамандар діни мерекелердің нақты күндерін жаңа айдың тууына байланысты бір күн бұрын немесе кешірек өткізуге болатындығын ескертеді.