Әлем жаңалықтары
Трамп Вашингтонда төтенше жағдай енгізді
Дональд Трамп Вашингтонда төтенше жағдай енгізді. Бұл жағдай президенттік сайлауда жеңіске жеткен Джо Байденді ұлықтау рәсіміне байланысты болып отыр. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Ақ үйге сілтеме жасап хабарлайды.
Шешім шарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданды. Рәсім АҚШ-та 20 қаңтарда өтеді. "Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп Колумбия округінде төтенше жағдай енгізілгенін хабарлады. 59-президенттік ұлықтау рәсіміне орай федерал көмекті төтенше жағдайға байланысты округтің күш-жігерін тағы арттыруды бұйырды", - делінген Ақ үйдің хабарламасында.