Bugin
Қазалы ауданы Пиримов ауылындағы ақысыз жайылымда жайылған түйе ұрланды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жәбірленуші 1,3 млн теңге көлемінде материалдық шығынға ұшыраған.
Жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Қазалы аудандық полиция қызметкерлері Арал ауданының 51 жастағы тұрғынын ұстады.
Оның өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188/1 бабы 1-бөлімі «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.