Әлем жаңалықтары

Горилладан алғаш рет коронавирус анықталды

Горилланың алғаш рет коронавирус жұқтырғаны анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемде алғаш горилладан коронавирус анықталды. Одан бөлек, екі қызметкерден де анықталды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Мекеме мәліметінше, жануарлар ауруды симптомсыз коронавируспен ауырып жүрген зообақ қызметкерінен жұқтырған болуы мүмкін.

"Сан-Диегодағы зообақтың «Сафари» бөлігіндегі қызметкерлердің тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Сәрсенбі күні, яғни 6 қаңтарда екі горилла жөтеле бастады. 11 қаңтарда АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық ветеринарлық қызметі жануарлардың да тесті оң нәтиже көрсеткенін растады", - делінген зообақ хабарламасында. 

Бұған дейін коронавирус қаракүзендерден анықталған болатын. Ал 2020 жылы Барселона зообағында арыстан, АҚШ-та қар барысы коронавирус жұқтырған.