Экономика
Роман Бутенко жалақысын есептеу шарттарын ашты. Тиісті ақпаратпен ол желіде бөліскен
Парақшасындағы мәлімдемелерге сүйенсек, ұшқыштың жалақысы бірнеше факторға байланысты. Бірінші кезекте лауазымына – командир немесе екінші ұшқыш. Көбіне олардың еңбекақы арасындағы айырмашылық екі еседен асады.
Сонымен қоса, төлемдерге жалпы авиациядағы жағдай әсерін тигізеді.
«Еңбек нарығында ұшқыштардың көбейгені байқалғанда, жалақы мөлшері кемиді, сыйақылар азаяды. Себебі басқа компанияларда жұмыс табу қиындайды» деген анықтама берді әуе қызметкері. «Ұшқыштардың аздығынан керісінше жалақы өседі» деп қорытты.
Сондай-ақ ұшу көлемі ескеріледі. Мысалы, бір айда қызметкер 20 сағаттық ұшуды жүзеге асыра алады. Ал екіншісі – 80. Нәтижесінде екіншісі бірінші қызметкерге қарағанда кемінде 1,5 есе артық ақша алады.
Жалақысының кемінде 40 мың рубль (пандемия уақытында) екенін жасырмады.