COVID-19

Қытай зерттеушілерге елге кіруге рұқсат берді

Олар 14 қаңтарда Ухань қаласына келеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ДДҰ сарапшылары коронавирустың қалай пайда болғанын зерттеу үшін 14 қаңтарда Уханьға келеді. Олар зерттеуді бастамас бұрын екі апта карантинде болады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы DW-ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Халықаралық сарапшылар тобы жақын арада өз жұмыстарын бастайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, Қытай билігі 11 қаңтарда ғана мамандарға елге  кіруге рұқсат берді. Ғалымдар 14 қаңтарда ҚХР-ға келеді деп күтілуде, бірақ олар екі апта карантинде болғаннан кейін ғана зерттеу жүргізе алады.

ДДҰ мен Бейжің арасындағы ҚХР-да коронавирустың пайда болуы туралы зерттеулер жүргізу туралы келіссөздер бірнеше ай бұрын басталды. 5 қаңтарда ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс Қытай еліне қапаланып қалған болатын. Себебі Уханьға жолға шыққан екі қызметкерін елге кіре алмай, қайтып келген еді.

Қытай бұл жағдайды кейбір құжаттардың болмауымен, сондай-ақ делегацияны қабылдауға дайындықпен байланысты қиындықтың туындауымен түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, Уханьда 2019 жылдың желтоқсанында COVID-19 коронавирусы алғаш рет табылған болатын. 2021 жылдың қаңтар айының ортасына қарай бұл инфекция бүкіл әлем бойынша 91 миллионнан астам адамда анықталды. Әлемде COVID-19 диагнозы расталған 19 миллион адам қайтыс болды.