Арай Серікқызы: Сенімді болу – кез келген сергелдеңді жеңеді

Қазақстандық танымал оратор Арай Серікқызының өз қорқынышы мен сенімсіздігі жайлы айтқан ерекше жазбасы оқырмандарды елең еткізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық танымал «Мен оратормын», «Оратор бол» кітаптарының авторы, оратор Арай Серікқызының әлеуметтік желіде жариялаған ерекше жазбасы өз-өзіне сенімсіз, ел алдында сөйлеуден ұялатын жандарды елең еткізді.


Оратор: «Мен кішкентайымнан сахнаға шыққан кезде бетім «нарынқолдың картошкісіндей» қызғылт-қоңыр болып, ауа жетпей, дауысым шықпай қалатын кез өте көп болды. Қазір ойлап қарасам, қайтпайтын «бетпақ» болыппын ғой. Қаншама рет сахнада позорым шашылып, жылап кеттім...» - деп өзінің айтқанынан қайтпайтын өр рухты қыз болғанын және оқырмандарына да дәл сондай болуды айтады.


Оратор кез келген қорқынышты бетпе-бет келу арқылы ғана жеңетінін әйгілі Карлос Кастанеданың «Дон Хуан» атты еңбегімен тұжырымдайды. Оратордың айтуынша, өзі студенттік кезеңде сахнада қатты ұялып, беті қызарып, кейін бұл қорқынышын, сенімсіздігін жеңгенін айтып мақтанады. Оның жазбасындағы: «Университет қабырғасында оқып жүріп, сахнаға шыққан кездерімде, жүрегім миллион мәрте дүрсілдеп, сахнадан қашып кеткім келетіндей сәттер болды. Тіпті, сол кездің өзінде «до конца» тұратын едім» - деген сөздері оқырмандардың өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, сахна алдында сөйлей алмау қорқынышын жеңулеріне көмектесті.


Танымал оратор «Сенімді болу – кез келген сергелдеңді жеңеді. Осы бір ұғымды өз-өзіңізге берік қамалдай қалыптастырып, сенімді бола білсеңіз, бойыңыздағы қорқынышты жеңіп ,кез келген мәселені шешу жолында қиналмайтын боласыз» - деп өзінің ерекше жазбасын қорытындылады.