Әлем жаңалықтары

Үйсіздерге түнде паналайтын жер табылды

Германияның Ульм қаласында қыста қолайсыз ауа райында пана болатын капсулалар орнатылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Ульм ұялары» ұйықтауға арналған капсулалар панасыздарға қыста өте төмен температурадан, желден, жоғары ылғалдылықтан аман өтуді қамтамасыз етеді. Бұл жайында Bugin.kz платформасы Dw.com-ға сілтеп хабарлайды.

Капсула корпусы ағаш пен металдан жасалған. Кішкентай баспана GPS, температура, ылғалдылық және түтін датчиктерімен, ауаны жеткізуге мүмкіндік беретін күн панельдерімен жабдықталған. Капсулалар тұрақты тұру үшін арналмаған. 

Қазір жабық оқшауланған капсула орталық қалалық саябақта орналасқан. Жұмсалған ақша – 35 мың евро.

Аталмыш жоба ең алғаш 2020 жылдың қыс айларында жұмысын бастаған.