Bugin

Дариға Назарбаева депутат болып сайланды

Нұрлан Нығматуллин де бар тізімде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаттарының қатарына енді. Мұны "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 12 қаңтардағы шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Партия Төрағасының Парламент Мәжілісіндегі жастар мен әйелдердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы нақты іске асырылды. Яғни, "Nur Otan" Фракциясының жаңа құрамының 40%-ті әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады.

Депутаттыққа кандидаттардың 7-уі ғана бұрынғы мемлекеттік қызметкер, яғни Фракция құрамында олардың саны 10%-тен аспайды.

Жаңа тізімде бұрынғы сенат спикері Дариға Назарбаева мен бұрынғы мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин те бар.

Айта кеткен жөн, 10 қаңтарда Қазақстанда Парламент сайлауы өтіп, "Нұр Отан" партиясы 76 мандат жеңіп алған еді.