Денсаулық

Онлайн өтуге болатын 10 танымал психологиялық тест

Психологиялық тесттің 10 нұсқасын оқырман назарына ұсынамыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазір желіде «психолог» сөзі трендке айналды. Бұл адамның өзін-өзін тануға, білуге деген құштарлығының артқанын көрсетеді. Иә, қазір көбі өзінің ішкі «менімен» жолығып, танысқысы келеді, тіпті өзін өзгерту арқылы қоғамды, әлемді өзгертуге талпынады.

Әлем елдерінде зерттеушілер адамның өзін тануына көмектесетін көптеген психологиялық тест құрастырды. Осыған орай, психологиялық тесттің 10 нұсқасын оқырман назарына ұсынамыз.

«Сонди» тесті

Тест психологиялық ауытқушылығы бар немесе терең депрессияға түскен адамдарға арналады. Аталмыш тест 1947  жылы Леопольд Сонди есімді психиатр құрастырған. Бұл тесттен өткеннен кейін өзіңізге бірден диагноз жасауға асықпаңыз. Себебі әр адамның жүйке жүйесі әрқилы болғандықтан тест қорытындысы да дәлме-дәл сәйкес келмеуі мүмкін. Өзіңізді түсіне алмай жүрген сәтте ғана аталған психологиялық тестің көмегіне жүгінсеңіз болады.

Тесттен өту

Бек депрессиясының шкаласы

Психологиялық тест депрессияға шалдыққан, ештеңеге зауқы жоқ адамдарға арналған. Тест сұрақтарына сенімді әрі нақты жауап беру міндетті. Кей сұрақтар сізге «біртүрлі» болып көрінуі мүмкін, дегенмен, әрбір сұрақ сіздің дертіңізді толықтай сипаттап береді.

Тесттен өту

Өзіңізді бағалауға арналған Занга шкаласы

Бұл да депрессия мен адамның өзін төмен бағалауына қатысты психологиялық тест. Аталған тесттің авторы психиатр Вильям Занг пен танымал ресейлік психолог Уильям Цунг.

Тесттен өту

Бек шкаласы

Бұл психологиялық тест адамның ішкі қорқынышы мен шамадан тыс мазасыздануының себебін анықтауға көмектеседі.

Тесттен өту

Люшера тесті

Әртүрлі түстер арқылы құрастырылған тест адамның психологиялық көңіл күйін анықтауға көмектеседі. Тест сұрақтары өте оңай, тек өзіңізге ұнаған түстерді таңдайсыз. Қорытындысында психологиялық жаңдайыңызға байланысты кеңес беріледі.

Тесттен өту

«Шөл даладағы текше» тесті

Аталған психологиялық тест басқаларына қарағанда күрделі. Себебі бұл тест сұрақтарында қиялға ерік беруге тура келеді. Сұрақтар көп емес, ал жауаптары нақты әрі сенімді. Бұл тест өзіңізді жаңадан тануға ықпал етеді.

Тесттен өту

«Айзенк» тесті

Сізге 70 сұрақ қойылады. Психологиялық тестің нәтижесі сіздің қандай темперамент иесі екеніңізді анықтап береді.

Тесттен өту

Леонгарда Шмишек тесті

Бұл тест сіздің қабілетіңізді анықтауға септігін тигізеді. Сондай-ақ нәтижесінде сұрақтарға қаншалықты сенімді жауап бергеніңізді көрсетеді.

Тесттен өту

Суретшісіз бе? Ойшылсыз ба?

Психологиялық тест сіздің қабілетіңізді, жаңа қырыңызды анықтауға көмектеседі.

Тесттен өту

«Эмоционалдық интелект» тесті

Жаныңыздағы адамның көңіл-күйін сырттай бақылап, баға бере аласыз ба? Бұл тест арқылы сіз осы сұрақтың жауабын біле аласыз.  

Тесттен өту