Bugin

Хәрри Поттерді қазақша киіндірген тараздық қыз

Тараздық суретші ару фан-арт жасап, жұртты таңдай қаққызды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

20 жаcар Тараз қаласының тұрғыны Аружан Жұмахан «Гарри Поттер» фильмін қазақша нұсқада суреттеді. Ол фильмдегі басты қаһармандар – Гарри Поттер, Рон Уизли, Гермиона Грейнджер және басқаларын қазақи нұсқада бейнеледі.

Суретші «шедеврді» жасау үшін қазақтың ұлттық киімі мен әшекейін пайдаланған. Поттерліктерді суреттеуде Аружан біріне тақия, біріне шолпы тағып әсемдеген.

Ағылшындық фильммен қазақы менталитетті ұштастырған ару тіпті кейіпкерлердің есімін де ерекшелеген. Гарриді – Ғалым, Гермионаны – Ғазиза деп өзгертті.

Хәрри Поттерді жаңа нұсқада жариялаған Аружанның жұмысына Instagram-дық оқырмандар:

«Хәрри Поттер осы екен ғой», «Гаррибек Поттербай», «өте әдемі», «киімдері НЗМ оқушыларыныкіне ұқсайды екен», «біздің стиль кез келген жерде әдемі көрінеді» деп пікір білдірген.