Алматы облысы

Алматыда 10 сантиметр қар жауды

Қар бүгін 04:30-да жауа бастаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда 10 сантиметр қар түсті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қар бүгін сағат 04.30-да жауа бастаған. Сағат 9-дағы жағдай бойынша, 10 сантиметр қар түскен.

"Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауа бастаған сәттен бастап жолдарға, жол қиылыстарына, көлік жолайрықтарына оған қарсы қоспа себілді. Тайғаққа қарсы 2650 метр қоспа жұмсалды. Жаяу жүргіншілер жүретін жерлерді, қоғамдық көлік аялдамаларын, көлік қоятын аумақтарды, жол өткелдерін, саябақтарды тазалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді әкімдік өкілдері.

Қазгидромет мамандарының болжамынша, бүгін күндіз ауа температурасы -2 градус шамасында болады.