Bugin

Бір тәулік бұрын ресейлік коронавирус тіркелді

Науқастың денесінде коронавирустың 18 жаңа мутациясы пайда болған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ғалымдардың айтуынша, ресейлік әйел алты ай бойы коронавируспен ауырған. Иммунитеті қатты әлсіреген. Науқастың денесінде коронавирустың 18 жаңа мутациясы пайда болған. Бұл туралы Bugin.kz платформасы 7mednews.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

47 жастағы әйелден лимфома анықталған. Науқас көктемде ауруханада химиятерапиядан өткен. Сонда коронавирустың жаңа түрін жұқтырған. Талдау қыркүйек айына дейін оң нәтиже көрсеткен. Кейін геномды декодтау науқаста көптеген мутация пайда болғанын көрсетті.

Коронавирустың жаңа түрін ресейлік деп атауға негіз бар дейді ресейлік "Известия" басылымы. Себебі ол британдыққа ұқсайды. Бірақ кей патогендер оған сәйкес келмейді. Ресейлік коронавирус туралы басқа ақпарат жоқ. Себебі бір-ақ оқиға тіркелген. Зерттеу енді басталады.