Bugin
Жаңа шақырылымда атышулы тұлғалар жүр
Композитор Бекболат Тілеухан мен 25 жастағы қоғам белсендісі Мәди Ахметов "Nur Otan" партиясының атынан мәжіліс депутаттарының жаңа құрамына енді. Мұны партияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 12 қаңтардағы шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Партияның бұрынғы мүшелерінің 70 пайызы орнынан кетіп, олардың жаңа депутаттар келген. Партияның орташа жасы – 49. Ал мәжіліске барлығы 76 депутатын енгізді. Оның ішінде 36 мүшесі – праймериз жеңімпаздары, 40 мүшесі – саяси кеңес бюросының квотасымен келгендер.
Жаңа шақырылымда атышулы тұлғалар жүр. Бұған дейін Дариға Назарбаева мен Нұрлан Нығматуллиннің мәжіліске келгені айтылған еді.
Сондай-ақ, бұл қатарда Алматы қаласында Назарбаевтың ескеркішін орнату керек деп "жастардың атынан" ұсыныс жасаған 25 жастағы Мәди Ахметов пен композитор, экс-депутат, "қарғыс жаудырушы" Бекболат Тілеухен да бар екен.
Жақында "Nur Otan" партиясына мүше болған саясаттанушы Айдос Сарым мен журналист Артур Платонов та мәжіліске өтті.