Әлем жаңалықтары

Дональд Трамп Телеграмға көшті

Дональд Трамп енді Телеграмда ақпаратпен бөліседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дональд Трамп жақтастарымен бірге Телеграм әлеуметтік желісіне көшті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Твиттер және Фейсбук Трампты мәңгілікке бұғаттап тастаған еді. Халықпен байланыс орнатып, араласу үшін Трамп және оның жақтастары өзге әлеуметтік желіні іздей бастады. Ал ол екі қосымшаның орнын «Телеграм» желісі басты. Жексенбіден бері қарай миллионға жуық америкалық қосымшаны жүктеп алды.

Телеграм қосымшасын АҚШ-та күн сайын 100 мыңдаған адам жүктеп алып жатыр. Америкадан келген жаңа пайдаланушылар қазірдің өзінде жарты миллионнан асады. Бағдарлама ең көп жүктелгендердің ішінде екінші орынға ие болды. Соңғы үш күннің ішінде "жеделхатқа" әлемнің түкпір-түкпірінен 25 млн-нан астам жаңа пайдаланушы қосылды. Ал мессенджерде барлығы 500 млн-нан астам белсенді пайдаланушы бар.

Естеріңізге сала кетейік, Трамп өзінің соңғы твитінде «бізді үнсіз қалдыра алмайды»  деп жазған болатын. Ал 6 қаңтар күні Твиттер әкімшілігі оны халық ішінде тәртіпсіздіктер тудыруы мүмкін деп мәңгіге бұғаттады. Кейіннен Фейсбук желісі де оны бұғаттап тастағанын мәлімдеді.