Bugin
Ресейге бұл ұнамайды
Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Қаржы университетінің доценті Леонид Крутаков Қазақстанда Ресейді жеккөру, жақтырмау сынды қарсы тұру әрекеті күшейгенін айтады. Мұны ол Stan Radar басылымына берген түсініктемесінде айтты.
Оның айтуынша, Қазақстанның Ресейге деген жағымсыз көзқарасы Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кеткеннен кейін басталған.
"Қазақстанда қазір Нұрсұлтан Назарбаев кезінде байқала қоймаған ұлтшылдық көңіл-күй өршіп барады. Мұндай көңіл-күй қоғамда бұрын да болғаны белгілі, бірақ оның мемлекеттік деңгейде жарық шығуы алғашқы рет. Енді міне ұлтшылдық позиция жоғары жақтан да айтыла бастады. Мәселен, жақында қазақ тілінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарық көрді. Ал мақаланың орыс тіліне аударылған нұсқасы өте қысқа және қазақ тілінде айтылған ойлар мен пікірлер жоқ. Бұл жағы бізге де түсініксіз. Қазақстан президенті кеңес билігін ашаршылық пен қуғын-сүргін жасаған деп, ал Ресейді русификацияны қоздырды деп кінәлайды", - деп түсіндірді ғалым.
Доценттің ойынша, Қазақстан президентінің мұндай пікірі Ресейді ғана емес, қазақстан қоғамын да дүр сілкіндірді әрі біраз жағымсыз әсер берді.