Қоғам
Дональд Трампты енді You Tube желісі де бұғаттады
YouTube хостингі АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың аккаунтын кем дегенде бір аптаға, тіпті одан да ұзақ мерзімге дейін бұғаттауы мүмкін. Бұл туралы Bugin.kz платформасы You Tube-тің ресми өкіліне сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, Трамптың таяуда жариялаған видеосы зорлық-зомбылықты тудырады. Сол себептен оны алып тастаған. Аккаунтты қайта қосу мәселесі бір аптадан соң қайта қаралатыны айтылады.
Айта кетейік, мұның алдында Трамптың Twitter мен Facebook желілеріндегі парақшаларының бұғатталғаны хабарланған еді. Кейін Трамп оған себепсіз шабуыл жасалып жатқанын мәлімдеген болатын.