Қоғам

Сұхбат құру техникасы

Сұхбат құруға арналған кеңестер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Журналистикада сұхбат жүргізу маңызды рөл атқарады. Себебі, сұхбат жанры – журналистика саласының ең маңызды элементі.

Сұхбат жүргізудің бірінші кезеңі – дайындық уақыты. Дайындық барысында мына кеңестерді жүзеге асырыңыз:

• Сұрақтар тізімін жасап алыңыз;
• Сұрақтар тізімі қисынды және өзара байланысты болуы керек;
• Әңгімелесушінің қай психологиялық түрге жататынын анықтаңыз;
• Техникалық жағын да бақылаңыз (диктофон, бейнекамера, блокнот қолдану артықтық етпейді);
• Сұрағыңызға нақты жауап алғанша, сол сұрағыңызды сұхбаттасушыға қайта қойыңыз;
• Ойыңызды жинақтап, сұхбат барысында өзіңізді еркін ұстаңыз;
• Сұхбаттасушының лауазымы мен аты-жөнін жазып алаңыз;
• Балағат, кемсіту сөздерін қолданбаңыз (діни, этикалық қысым көрсетуге болмайды);
• Сұхбатты бұрмалауға, кейбір сөзді артық айтуға қатаң түрде тыйым салынады;
• Егер сұхбаттасушы сізден сұхбатты әлеуметтік желіге жарияламай тұрып жіберуді сұраса, оған тек бір бөлігін ғана жіберіңіз. Алайда, сұхбат ішіне "керексіз" ақпараттарды қоспауға тырысыңыз. Бұл журналистік этикаға кері әсерін тигізеді;
• Ең бастысы – сұхбаттасушымен неғұрлым ашық түрде сырласуға, әңгімелесуге барыңызды салыңыз;
• Осы кеңестерді негізге ала отырып, сұхбат жүргізсеңіз, жұмысыңыз өнімді әрі өтімді болмақ.

 

Самидин Аружан

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, журналистика мамандығының 1 курс студенті

Бекназарова Раушан Кадырбековна

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы