Қазақстан жаңалықтары

Алматыда қалың қардан 70 жол көлік апаты орын алды

Алматы қаласында қалың қардың кесірінен 70 жол көлік апаты тіркелді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жол көлік апаттары түнгі сағат үштен бері жалғасып жатыр. Апаттан 6 адам зардап шекті. Жол сақшылары тұрғындарды сақ жүруге шақырады.

«Қалың қардың құрсауында қалу, әрине, жолда көп кедергілер тудырады. Кептелістер мен қарсы жолдың жүрісі бәсеңдейтіні рас.

Алайда жол көлік апаты көбіне жүргізушілердің ережені дұрыс сақтамағанынан: кейбірі жылдамдықты шектен тыс асырып, қауіпті апаттық жағдай туындатады. Бір-бірін сыйламай, тіпті жаяу жүргіншілер де жүруге болмайтын жолды кесіп өтеді»,-дейді бүгінгі ситуациялар жайлы Алматы қаласының әкімшілік жол патруль полиция басқармасының бастығы Жандос Мураталиев.

Еске сала кетейік, Алматыда 10 сантимерді құрайтын қар жауған еді. Бұл құбылыс таңғы 4:30 да басталған. Синоптиктердің айтуынша қар тәулік соңына дейін жалғасын таппақ.