Bugin

Үндістан Қытаймен достасудан бас тартты

АҚШ-пен жақындаспақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үндістан мен Қытайдың арасында достыққа сызат түсті. "Бұған екі елдің шекарасында болған әскери қақтығыс себеп болды" деп мәлімдеді Үндістанның Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар. Мұны Bugin.kz платформасы Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"45 жылдық бейбіт келісімнен кейін Үндістан мен Қытайдың арасында алғаш рет қанды қақтығыс болды. Бұл оқиға Үндістанның саясаты мен қоғамдық пікірін өзгертті", - деп мәлімдеді ведомства басшысы.

Оның айтуынша, Үндістанның Қытайға деген сенімі кетті. Енді онымен достасудан, бейбіт келісім жасаудан бас тартпақ. Есесіне, АҚШ-пен жақындасып, Вашингтон әкімшілігімен қарым-қатынасын жолға қоймақ.

Айта кеткен жөн, Үндістан мен Қытайдың арасында әскери қақтығыс былтыр шілдеде болған еді. Қытай үнді әскерилері шекарадан өтіп кетті деп оқ жаудырып, арты қақтығысқа айналды. Бұдан 20 үнді жауынгері қаза тапты. Қытай тарапынан да шығын болды. Кейін екі ел бір-бірін шекараны заңсыз кесіп өтті деп айыптап, бұрыннан даулы аймаққа айналған Ладакха аңғарына әскер орналастыра бастады.

Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қытайды көрші елге басып кірді деп айыптап, әскери қимылды дереу тоқтатуға шақырды.

Бұдан кейін Үндістан өз аумағында қытайдың 59 қосымшасына, TikTok сынды әлеуметтік желісіне тыйым салып, Vivo телефондарын сатылымнан алып тастады.

Осының кесірінен қытай смартфондарының сатылымы 81%-дан 72%-ға дейін азайып кетті.