Bugin
Кезең-кезеңімен өсіріледі
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 50 пайыз өсті. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сілтеп хабарлады.
Ведомстваның баспасөз қызметі хабарлағандай, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы үш жыл кезең-кезеңімен өсіріледі. Оған бюджеттен 95 млрд теңге бөлінді.
ҚР Үкіметінің ағымдағы жылғы 12 қаңтарда өткен отырысы аясында «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының қаулысы қабылданды.
"Нәтижесінде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап осы қызметкерлердің лауазымдық айлықақысы 50%-ға, 2022 жылы ағымдағы мәннен 25%-ға, 2023 жылы тағы 25%-ға өседі", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.