Bugin
Джессика Кокстың өмірлік оқиғасы талай адамға шабыт сыйлады
Кейде мүмкіндігіміз бола тұра тәуекел етуге, қиялдаған арманды іске асыру үшін бар күшімізді салуға бата алмай, өз-өзімізден күмәнданатын сәттер кездеседі. Тіпті жалқаулығымызды мойындаудың орнына «шабытым ашылмай жатыр, мотивация қажет» деген сөздерді жиі қолданамыз. Енді біріміз өмірден түңіліп, «депрессияға түстім» деп налимыз. Бірақ айналамызда бізге сабақ болатындай оқиғаның көп екенін ескермейміз. Америкалық Джессика Кокс – өзгелерге шабыт сыйлайтын жанның бірі. Өмірге шынайы ғашық жанның оқиғасын оқырман назарына ұсынамыз.
1983 жылы дүниеге келген Джесика Кокс екі қолы жоқ болса да кез келгеннің қолынан келмейтін жетістіктерге жеткен. Қазір Джесика әлемге қолсыз ұшақ басқаратын тұңғыш әйел ретінде танымал.
Оның анасы қызының туа бітті ауруға шалдығатынын білмеген. Дәрігерлер де ештеңе байқамаған. Джесика 10 жасынан бастап тхэквандомен айналысып, төрт жылдан соң «қара белдіктің» иегері атанады. 14 жасында Джесика протез қолданудан түбегейлі бас тартады. Десе де, тхеквандомен айналысуды жалғастырып, жаттығу жұмыстарын жаңалап «қара белдіктің 2-дан» дәрежесіне ие болады.
Ол екі қолдың орнына аяқтарын қолданып, шашын да тарай алады, көлікті де жүргізеді, тіпті пернетақта арқылы минутына 25 сөз жазады. Сондай ақ «Ercoupe» деп аталатын ұшақты да аяғымен басқарады.
В 2005 жылы Джесика Кокс Аризон университетінің психология факультетін аяқтайды. Жоғары оқу орнын аяқтаған бойда ұшқыш мамандығы бойынша үш жылдық курста білімін жалғастырады.
2015 жылы Джессика Кокстың «Өзіңе көмектес» (Disarm Your Limits) атты автобиографиялық кітабының таныстырылымы өтті. Осы жылы Джессика Кокс туралы деректі фильм жарыққа шыққан болатын. Оның өмірлік оқиғасы талай адамға шабыт сыйлағаны сөзсіз.