Елбасы кітапханасының директоры қызметтен кетті

Орнына кімнің келетіні белгісіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысының өкімімен Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов "ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды. ​​​​Бұл туралы Bugin.kz платформасы Ақорда сайтына сілтеп хабарлайды.

Әмірхан Рахымжанов 1960 жылы ШҚО, Үржар ауданында дүниеге келген. Семей педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша, Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылым докторы, профессор.

Әмірхан Рахымжанов бұл қызметке 2019 жылы наурызда тағайындалған еді. Ал оған дейін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты болған.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61