COVID-19

Екінші толқын басталды

Елімізде коронавирустың екінші толқыны басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Біз екінші толқын екенін түсініп отырмыз...дегенмен, біз оны бірінші, екінші толқынға бөлмейміз. Іс жүзінде науқастар санының өсуі байқалады. Біз жағдайдың дамуын пессимистік емес, нақты деп айта аламыз, мұнда өсуді байқап, біз екінші толқынның даму сатысында тұрмыз деп айта аламыз. Себебі аурудың таралып, көбеюі толқын тәрізді", - деді Қиясов.

Сондай-ақ, ол локдаун туралы сұраққа жауап берді. Оның хабарлауынша, қазір елімізде екі облыс «қызыл» аймақта, ал қалған облыстың бәрі «сары» аймақта тұр.