Денсаулық
Таңертең ең алдымен тамақтанған жөн
Таңертең кофе ішу мен белсенді физикалық жаттығу жасау адам ағзасына қауіп келтіруі мүмкін. Танымал диетолог Мириам Стоппард осындай шешімге келді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Mirror-ға сілтеп хабарлайды.
Ұлыбритания диетологы Мириам Стоппардтің айтуынша, ояна салып белсенді жаттығу жасау адамға зиян. Әсіресе, ауыр жаттығу жасағанда омыртқа жылжып кетуі мүмкін.
"Сонымен қатар, аш қарынға апельсин шырыны мен кофе ішпеген жөн. Ол метаболизмді ауырлатады және қандағы қантты көбейтіп жібереді. Өйткені адам оянса да, инсулин секрециясы әлі ұйқыда жатады. Таңертең ішкен бір шыны кофе қандағы қантты бір жарым есе көбейтіп жіберуі мүмкін", - деп түсіндірді диетолог.
Сондықтан ғалымдар таңертең алдымен тамақтануды, содан соң сусын ішуді ұсынады.