Денсаулық

Германияда екпе салынған адамға тағы COVID жұқты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Германияда вирусқа қарсы BioNTech/Pfizer вакцинасын салдырғандар қайта вирус жұқтырып жатыр. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Westdeutsche Allgemeine Zeitung газетіне сілтеп хабарлайды. 

Ауырғандардың алғашқы легі Германияның Хаген қаласындағы қарттар үйінен табылды. 

Қала әкімшілігінің өкілі: «Иммунитет вакцина салынғаннан кейін 7-10 күннен соң қалыптасады. Негізі адамға екі вакцина енгізілуі қажет. Адам осы аралықта тағы да вирус жұқтырып алуы мүмкін» деп мәлімдеді. 

BioNTech/Pfizer вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ресми мақұлданған.

Еуропада вакцинация 2020 жылы 27 желтоқсанда басталды. Препарат 85 жасқа дейінгі азаматтарға салынып жатыр.