Саясат

Айдос Сарым: "Мәди, қоғамның сөзіне құлақ аспай-ақ қой"

Айдос Сарым ең жас депутатты ақтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Саясаткер, қоғам қайраткері Айдос Сарым өзінің Фейсбуктағы парақшасында ең жас депутат Мәди Ахметті қолдады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

«Фейсбукстан тұрғындарының ойын өзгерту мүмкін емесін білемін. Бірақ Мәди Ахметов туралы айтуым керек» деп бастаған ол жазбасын.

"Мәди Ахметовпен Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінде жұмыс істедік. Енді парламент қабырғасында жұмыс істейін деп отырмыз. Мәди - шын мәнінде өте жақсы адам, жастардың лидері. Партиялық тізімге кезінді айтқан сөздері үшін емес, атқарған нақты жұмыстарының арқасында енді» деп жазды Сарым.

Сосын пост авторы Мәдиге өзінің ағалық ақылын берді: «Мәди, қоғамның сөзіне құлақ аспай-ақ қой. Мел Гибсонның Уильям Уоллас туралы түсірген фильмінде ұлына билігін тапсырып жатқан ханның айтқан мынадай қанатты сөзі бар: «егер сені өзгелер қарғап-сілеп жатса, сен саясатқа дайынсың!»