Саясат
Nur Otan партиясынан Алматы қалалық мәслихатына депутаттар тізімі бекітілді
Олардың арасында бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, шахматшы Жансая Әбдімәлік, күйші Арман Жүдебаев бар. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлады.
Nur Otan партиясы атынан Алматы мәслихатына депутаттар тізіміне барлығы 29 адам кірген.
Ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі – 31 пайыз, жастардың үлесі – 24 пайыз. Орташа жас – 43 жас, құрамы 5 жылға жасарды.
Айта кеткен жөн, Ермахан Ибраимов сайлау күні, 10 қаңтарда, Алматы қаласында наразылыққа шыққан топқа араша түспек болды.