Білім және ғылым
Ресейлік оқушылар қайтадан мектепке оралады
1-11 сыныпқа дейінгі Мәскеу оқушылары мектепке барады. Оқу 18 қаңтардан басталады. Қашықтағы формат жойылады. Бұл туралы Мәскеу мэрі Сергей Собянин сайтында жариялағанын Bugin.kz хабарлайды.
«Оқушылар арасында аурудың жұғу қауіпі әлі де жоғары. Егер мектепте вирустың 1 жағдайы анықталса, барлық сынып уақытша онлайн форматқа ауысады» деді Собянин.
Оқушылардың көлік картасы іске қосылады.
Университеттер, колледждер, қосымша білім беру мекемелері үшін қашықтан оқу 21 қаңтарға дейін сақталады.