Әлем жаңалықтары
Қазір жағдайы ауыр
Қытайдың Цзянсу провинциясынан келген жұмысшы иегіндегі безеуін сығамын деп ауруханадан бір-ақ шықты. Безеу сыққан жерден инфекция түсіп, соңы өкпе ауруына әкеп соқтырған. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Daily Mail-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Жоғарыда айтқандай, Қытайдың Чен есімді ер азаматы терінің қабынған жеріндегі безеуді сығып емдемек болғанға ұқсайды. Бірақ безеуді сыққанымен, тыныс алуы қиындап, өзін нашар сезіне бастаған. Ченнің дене қызуы көтеріліп, аузы ісіп, беті қызарып кеткен. Бұдан қорыққан әйелі күйеуін дереу ауруханаға алып барады.
"Мен оған безеуді сықпа деп қанша айттым. Бірақ осының бәрі бұлай қиын болады деп кім ойлаған", - деді Ченнің әйелі.
Ченді тексергеннен кейін дәрігерлер оның бұлай ауруының себебін анықтады. Дәрігерлердің сөзінше, безеуді сыққан мезетте шыққан іріңге инфекция түсіп, ауруы асқынып кеткен. Кейін ауыс қуысы қабынып, екі жақты пневмонияға өткен. Науқастың жағдайы өте ауыр. Мамандар оны жан сақтау бөліміне ауыстырып, тыныс алу аппаратына қосу туралы шешім қабылдады.