Әлем жаңалықтары
Бәріне кінәлі темекі
12 қаңтар күні Екатеринбург қаласының тоғызқабатты үйдің екінші қабаты өртке оранған. Оқиға куәгері, осы қаланың 17 жастағы тұрғыны Артемнің айтуынша, өрттің түтіні өшпеген темекінің кесірінен басталған.
Оның сөзінше, оқиға орын алған күні анасы, әкесі және досы алкагольді сусын ішіп, темекі тұтынған. Түн ортасында түтін иісінен оянған Артем өртке оранған үйді байқаған.
Қызыл от зардабынан сегіз адам қайтыс болып, 90 адам дереу ауруханаға жатқызылды.
"Егер тұрғындар үйлерінің есіктерін ашып,улы түтінді кіргізібегенде жарақаттанғандар саны аз болатын еді", - деп хабарлады Екатеринбург қаласының мэрі Алексей Орлов.