Қоғам
Зейнеткерлер саны 2 миллион 247 мың адамды құрады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айында республикалық бюджеттен базалық зейнетақыға 772,3 миллиард теңге және ынтымақты зейнетақыға 1 721,5 миллиард теңге төленді.
"2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 миллион 247 мың адам. Ал зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 94 733 теңге", - делінген хабарламада.
Биыл 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.
Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай қолдануға болатынын түсіндіріп берген болатын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61