Bugin
Ұлттық банк 15 қаңтардағы доллар бағамын жариялады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды
Америка валютасының жұма күнгі ресми бағамы 419,96 теңгеге тең болады. Айта кетейік, 14 қаңтардағы жағдай бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 419,15 еді.
KASE биржасындағы кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 419,92 теңгені құрады. Бір күнде 0,82 теңгеге қымбаттады.
Қазіргі таңда Алматыдағы Kurs.kz-тің америкалық долларды сатудың орташа курсы 420,63 теңге. Ал сатып алу - 419,12 теңге. Нұрсұлтанда американдық валютаны шамамен 420,34 теңгеден сатады. 419,15 теңгеден сатып алады.