Қазақстан жаңалықтары

Түркістан облысы бизнеске ең қолайлы облыс атанды

The World Bank Doing Business сарапшылары осындай қорытындыға келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жыл сайын дүниежүзілік банк кәсіпкерлік зерттеу жүргізеді. 190 елдің ішінде Қазақстан 25-орында. Кәсіпкерлік белсенділік жағдайы туралы еліміздің облыстары мен мегаполистары арасында субрейтинг жүргізілді. Нәтижесінде Түркістан облысы бизнес жүргізуші ең үздік өңір болып танылды.

«Айта кетейін, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бизнес-климатты жақсарту аясындағы тапсырмаларына сәйкес өңірде ауқымды жұмыс жүргізіліп, Түркістан облысы жоғары көрсеткішке ие болып отыр. Бұл бизнес саласын жақсарту аясында еңбектеніп жүрген әр азаматтың, сонымен қатар отандық өнім шығарып, халықты жұмыспен қамтып отырған әрбір кәсіпкердің жетістігі екенін айта кету маңызды. Әрине, адал атқарылған еңбек еленбей қалмайды. Облысымыздың үздік аталуы әрқайсымызды ынталандырып, бұдан да биік белестерді бағындыруға бастары сөзсіз» дейді облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

Қазақстан жалпы 10 критерий бойынша бағаланды. 5 фактор бойынша баға берілді. Олар: өңірлерге реттеуші климат, инфрақұрылым, бизнес үшін қаржының қолжетімділігі, адами капитал, қабылданатын шешімдердің транспаренттілігі. 

Түркістан облысында шамамен 150 мың кәсіпкер тіркелген. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 246 жоба құрылды. 24,4 млрд теңге жұмсалды.