"Заман мұңы"

Бүгінгі заманның ащы шындығы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұмытамыз еліміздің тариxын біз,

Ұмытамыз қариялардың ақылын біз.

Жанын беріп, біз үшін қан төккен де,

Ұмытамыз батырлардың ерлігін де.

 

Кім екенін ұмытқан өз қазағым,

Бірін-бірі өксітіп қатырады!

Жолынан бір қандас бауырларын,

Артына пышақ салып тайдырады.

 

Жақсы ниет әр адамда болса ғой,

Тоқтар емес жаман ниет әлі де.

Қызғаныш пен мақтаныштық өшсе егер,

Тыныш алар сол кезде жас кәрі де.

 

Жастардың жаман жолға ұшырауы,

Бұл  – қазіргі заманның құлдырауы,

Жылдар бойы, ғасыр бойы сақтап келген

Ата-бабам үмітін ақтамауы.

 

Не істесе жақпайды қазір бізге,

Айтыңдаршы не көрінбейді көзімізге.

Заман өтіп, уақыт жылжып бара жатыр,

Ой-сана, ақыл-ой қалып жатыр.

 

Ақшаға тең емес ақыл құны, 

Кімге керек деп ойламайды ешкім мұны

Мазалайды жан-дүниемді осы бір жайт,

Жүрегімде дақ боп тұрған заман мұңы…