Bugin

Ким Ки Дуктың өмір мен кино жайлы айтқандары

Ким Ки Дук – оңтүстік кореялық сценарист, режиссер. Шығармашылығымен әлемге танымал сценаристің фильмдері адамды бейжай қалдырмайды.Құдайды, адам болмысын тану мәселесін көтерген аңыз адамның кино түсіруге, шығармашылыққа қатысты ойларымен бөліспекпіз. Ендеше, жас режиссер, саған айтам! Сценарист, сен тыңда!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қыс – менің өмірім! Буддизмде қыс мезгілі адамның өлім алдында өз өмірін бағалау кезеңі болып сипатталады. Мен әр қыс сайын өзімді өлім алдындағыдай сезінемін. Сондықтан табиғатқа оралғым келеді.

********

Білесіз бе, ұзақ өмір сүргісі келетін адам кино түсірумен айналыспағаны дұрыс. Қандай да бір киноны түсіріп бастасаң, бірнеше өмірді қатар сүресің. Ал өз өмірің байқалмай жаныңнан өте шығады.

********

Мен өз фильмдерімді бір апта не он күннен артық түсірмеймін. Кино түсіру – өзіңді суперкомпьютер сезіну. Егер он күннен артық түсірсем, жарылып кететін шығармын. Жай ғана өліп қалатындаймын.

********

Жақсы фильм тек қымбат бюджетке түсірілген дүние емес. Ең бастысы киноның идеясы, жақсы сценарий және киноны түсіруге деген құлшыныс.

********

Мен адамға сұрақ қоя білетін фильмді жақсы көремін. Кино көріп отырып, өз сұрағыма жауап іздемеймін. Керісінше дұрыс қойылған сұрақ іздеймін. Сұрақ қана адамды ойландырады.

********

Әңгіме, диалог киноның маңызды бөлігі емес. Дауыссыз, сөзсіз түсінуге болатын киноны жаным сүйеді.

********

Менің соңғы шыққан фильмдерім жайлы «студенттің жұмысы сияқты» деген пікірлер естідім. Бірақ бұған түк ренжімеймін. Себебі бәріміз – өмірдің студентіміз.

********

Кино түсіруде корей ұлттық мәдениетін әлемге таныстыру немесе таныту мақсатын ұстанған емеспін. Мен әлемнің әр нүктесіндегі қоғамның мәселелерін ашып көрсеткім келді.

********

Әйелге зорлық көрсету мен жалпы күш көрсету атаулының бәрі өміріміздің бір бөлігі. Олар әлемнің барлық жағында,барлық адам арасында бар. 

********

Біз бәріміз арманды қажет етеміз. Арман ғана тірі екеніңді сезіндіреді.

********

Кино – бұл ақша жасау тәсілі емес, адамға бірдеңе айтуға деген құштарлық.