Әлем жаңалықтары
Forbes тізімі Украиналық азаматпен толықты
Украинаның 45 жастағы тумасы Макс Левчин миллиардер болды. Ол Affirm стартапының бас директоры. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Forbes журналына сілтеме жасап хабарлайды.
Журналдың мәліметіне қарағанда, Левчиннің байлығы 2,7 миллиард долларға бағаланады.
"Forbes тізімінде жаңа миллиардер пайда болды", - делінген хабарламада.
Дереккөз мәліметінше, Affirm стартапы биржаға 13 қаңтарда шығарылып, 1,2 миллиард доллар табыс тапты. Ал жаңа миллиардерге осы акцияның 11 пайызы тиесілі екен. Осыдан кейін оның байлығы 2,7 миллиард долларға бағаланған. Осылайша, ол Forbes тізімінде миллиардер атанды.