Саясат
Елбасы Мәжілістегі Nur Otan партиясы фракциясының отырысына қатысты
Елбасы премьер-министрдің кандидатурасы туралы ойын айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
"Менің ойым - сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындыққа қарамастан үкімет өз жұмысын жақсы атқарып шықты. Басқа елдерге де жақсы нәтиже көрсете білдік. Егер Президент Мамин Асқар Ұзақбаевты ұсынса, фракциядан оның кандидатурасын сақтауды қолдауын сұраймын", - деді Елбасы.
Одан бөлек, Назарбаев Nur Otan фракциясы депутаттарын кезекті парламент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
"Бізде әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кірудің нақты жоспары мен ресурстары бар. Бұл жолда ең үлкен парламенттік фракция ретінде сіздердің мойындарыңызға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Алға қойылған міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігерлеріңізді салатындарыңызға сенімдімін. Мен жаңа адамдар жаңа идеямен келіп, Парламент жұмысына серпін береді деп сенемін", - деді Елбасы.