Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМиллиардер Уоррен Баффет сирек сұхбат береді. Ол – Berkshire Hathaway компаниясының басшысы. Кәсіпкер Небраска-Линкольн университетінің онлайн-диплом табыстау рәсімінде сөз сөйледі. Өз сөзінде түлектерге жетістікке жету жолындағы TOP- 4 кеңес ұсынды.
"Азға қанағат етпеңіз. Сізге шабыт сыйлайтын адамдармен жұмыс істеңіз. Ақшаны қажет етпесеңіз, таңертең ұйқыңыздан қуана оянатын жұмысты таңдаңыз. Мен жолы болған жанмын. Бұл – салыстыруға келмейтін бақыт. Ісіңізді сүйсеңіз, кәсібіңізді жұмыс ретінде қабылдамайсыз. Әр таңды қуана қарсы алатын боласыз".
"Адамдармен қарым-қатынас орнатып үйреніңіз. Бұл өте маңызды. Дұрыс сөйлеу мен жақсы жазуды меңгеріңіз. Ойыңызды жағымды заттарға толтырыңыз. Қазір өміріңіздің ең бақытты күндері өтуде. Сізге білімге бет бұрудың уақыты келді".
"Сізге керектің бәрін кітап бере алады. Маған "Кез келген адаммен түстену бақыты бұйырса, кімді таңдар едіңіз?» деген сұрақ қойылған. Сіз кітап оқып, Бенджамин Франклинмен түскі ас іше аласыз. Кітап арқылы тарихтағы ұлы тұлғалармен әңгімелесесіз. Түскі ас ұзаққа созылуы немесе тез арада аяқталуы мүмкін".
"Мен 90 жылғы өмірімде табысты адамдарды кездестірдім. Олардың өмірі сәтсіз аяқталды. Алайда 70 жасқа дейін жақындарының қамқорлығын бақыт деп санамайтын жанды көрмедім. Балаңыз, сүйіктіңіз, әріптесіңіз сізді жақсы көрсе, 65-70 жаста да жетістікке жеткен жансыз. Мен талантты, атақты адамдарды көрдім. Егер махаббат болмаса, бай болу бекер».
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61