"Бал - денсаулық элексирі емес"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Диетолог Михаил Гинзбург кімге балды тұтынуға болмайтынын айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы РИА новости-ге сілтеп хабарлайды.

"Звезда" телеарнасына берген сұхбатында Михаил Гинзбург:

«Балдың құрамында ағзаны қалыпқа келтіретін, бактерия мен вирустарға қарсы биофакторлар бар деп саналады. Бұл дұрыс тұжырым емес»  дейді.

Диетологтың айтуынша, балдың құрамы қантқа қарағанда бай. Бірақ балды "денсаулық эликсирі" деп санаудың қажеті жоқ.

Диетолог үш жасқа дейінгі балаларға балды жеуге тыйым салды. Өйткені бал аллергия тудыруы мүмкін.

Бұл балды үш жасқа дейінгі балаларға мүлдем жеуге болмайды деген сөз емес. Балалар үш жасқа толса да жаман әсер болмайтынын атап өтті. Сонымен қатар, семіздік, жоғарғы қан қысымы мен бауыры ауыратын адамдар балдан бас тартуы керек. Бал асқазан-ішек жолдарының ауруларына әкеледі.

«Адамда мұндай реакция болса, балдан бас тартқан дұрыс» дейді Гинзбург.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61