Әлем жаңалықтары

111 жастағы Крюгер құпиясымен бөлісті

Крюгер 13 қаңтарда қарттар үйінде өзінің 111 туған күнін атап өткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Австралияның 111 жастағы тұрғыны өзінің ұзақ ғұмыр кешуінің сырымен бөлісті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

LADBible-дың хабарлауынша, Декстер Крюгер 13 қаңтарда қарттар үйінде өзінің 111 туған күнін атап өткен. Алайда ол пандемия салдарынан көп қонақ шақыра алмапты.

Крюгердің айтуынша, ұзақ ғұмыр кешудің құпиясы – өте қарапайым. «Тыныс алуды тоқтатпа. Күніне 3 мезгіл тамақ іш. Қалған нәрсенің бәрі өзі-ақ өтіп кете береді» дейді ол.

Австралиялық қарт күнде ән айтып, ысқыратындығын және міндетті түрде асшаян жейтіндігін айтты. «Менің ойымша, асшаяндар ағзаға өте пайдалы. Ал кешкі асқа сорпама сардинды қосып ішемін» деп бөлісті қарт.

Ол адамзаттың COVID-19-бен күресіп шыға алатынына сенімді. Себебі Крюгер екі дүниежүзілік соғысты да, ұлы әлемдік экономикалық құлдырауды да және қаншама құрғақшылықты да көрген.

Қарияның ойынша, жас – алдыңа қойған мақсатыңнан бас тарутға арналған сылтау емес. Ол өмір бойы фермер қызметінде жұмыс атқарған. Ал 86 жасында әйелі қайтыс болған соң, кітап жазуды бастаған. Содан бері ол 300 әңгіме, 12 кітап шығарып тастады. Одан бөлек өлең де шығаратын қабілеті бар.