Bugin
Check Point компаниясының IT мамандары смартфоннан тез арада жою қажет қосымшаларды атады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Forbes-ке сілтеп хабарлайды
Сарапшылар әр бағдарламаның екі атауын ұсынды. Біріншісі телефон мәзірінен көрінеді. Ал екіншісі қосымша қасиеттерде көрсетіледі.
Төменде келтірілген бағдарламалар Rogue вирусын таратушылар:
Бағдарлама құрастырушысы стандартты Google болып жасырын қызмет етеді. Егер пайдаланушы деректерді өшіруге тырысса экранда мынадай ескерту шығады: "Сіз барлық деректерді өшіргіңіз келе ме?".
Check Point құрылғының микрофоны мен камерасына жасырын кіру үшін жасалған. Rogue вирусының телефонда атқара алатын қызметі көп. Олардың ішінде SMS жіберу, хабарламалар мен контактілерді ұрлау, дыбыс жазу, скриншот жасау, орналасқан жерді бақылау, файлдарды жою. Троян телефондағы, WhatsApp-тағы және барлық хабарламаны жоя алады.
Смартфоныңыздан аталған қосымшаларды тапсаңыз, оларды дереу жойыңыз. Телефонға сенімді антивирус орнатыңыз.