Әлем жаңалықтары
Трамптың ұлын сотқа шақырып жатыр
Колумбияның бас прокуратурасы Дональд Трамптың ұлын сотқа шақырып отыр. Олардың айтуынша, инаугурациялық комитеттің ақшасы Трамптың ұлының қонақүйіне жұмсалған. Оның үстінен шағым 2020 жылдың қаңтар айында түскен. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Washington Post-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Прокурорлардың мәліметінше, инаугурациялық комитет Колумбия округіндегі қонақүйдің үлкен залын жалға алу үшін миллион доллар жұмсаған. Одан бөлек қызметке 50 миллион доллар төлеген.
Сондай-ақ басылымның материалында комитет салықтан босатылған коммерциялық емес ұйым екені аталған. Ал қонақүйдегі бөлмелерді кіші-Трамптың серіктестері жалдаған.
Президенттің ұлы және Trump Organization бөлінген ақшаны қайтару туралы Washington Post-тың сауалына жауап бермеген.
Ал прокуратураға түскен шағымда кіші-Трамптың компаниясына бөлінген ақшаны қайтару сұралып отыр. Содан кейін ол қаржы қайырымдылыққа жұмсалатыны жазылған.