Bugin

Біреу үшін

Шыны керек, біздер жақын адам үшін бәріне де дайынбыз. Ол үшін аспандағы айды да, жер астындағы алтынды да қазып береміз. Кей кездерде біз біреу үшін өмір сүріп жүрген секілдіміз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Армандайсың, қиялдайсың, ойлайсың,
Кейде мынау әлемге де сыймайсың.
Бір минутта қия алмас адамға,
Өзің, шіркін, бар өмірді арнайсың.

Қуанасың, шаттанасың, күлесің,
Көретіндей күнде бақыт кемесін.
Көкте тұрған ұстатпайтын жарық ай,
Біреу үшін оны да алып бересің.

Өтер күндер, айларменен жылдар да,
Күлкі сыйлап жақын болған жандарға.
Керек болса барлығын да сыйлайсың,
Мейлі бәрі қайтарымсыз болса да.

Салсаң егер барлығын да ақылға,
Жанашырсың бәрібір де жақынға.
Біреу үшін от пен су да кешесің,
Менсінбей тұрса дағы жаныңда.

Керек десе тағы да өзгересің,
Өзге үшін тіпті өзің де сөз бересің
Сен үшін тұрса дағы басты рөлде,
Біреу үшін жай ғана көрерменсің.

Бүгін жеңіп, ертең бәлкім жеңілдіңіз,
Кейде мықты, кейде біздер сенімдіміз.
Алайда ғажап мынау бір өмірді,
Біреу үшін сүріп жүрген секілдіміз!