Саясат
1200 ауылға интернет барады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАстанада шалғай жатқан ауылдарға интернетті жеткізу бойынша келісімшарт рәсімделді. Соның аясында 1 200 ауылға кең жолақты ғаламторға қосылады, деп Bugin.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап xабарлайды.
Интернет оптикалық-талшықты желілер арқылы тартылатын болады. Осы жұмысты «Қазақтелеком» АҚ-сы және тағы бір консорциум атқарады. Консорциумға «SilkNetCоm» ЖШС және «Транстелеком» АҚ кіреді. Жалпы, аталған компаниялар 20 мың шақырымды құрайтын оптикалық-талшықты желілерді тартып береді. Соның басым бөлігі - 14,2 мың шақырымы «Қазақтелекомға» тиесілі. Жоба аясында мыңдаған мектептер, ауруxаналар мен мемлекеттік органдар жылдам интернетке қосыла алады.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқовтың айтуынша, интернетке қосылатын ауылдардың нақты саны - 1 249. Ол жерде 2,4 млн адам тұрады. «Бұдан бөлек, шамамен, 3 700 мемлекеттік орган кең жолақты интернетке қосылады. Осының арқасында біз қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтық мәселесін шешетін боламыз. Барлық жұмыстар мемлекеттік-жекешелік серіктестік негізінде атқарылады», - дейді Д.Тұяқов.
Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың аяғына дейін интернет 105 мың адамға тартылса, 2019 жылы - 1,2 млн адамға, ал 2020 жылы қалғандарға кең жолақты ғаламтор жеткізіледі. Ал «Қазақтелекомның» басшысы Қуанышбек Есекеевтің сөзіне қарағанда, интернеттің сапасы қаладан кем түспейді. Бағасы жағынан да айырмашылық болмайды.
«Қазір бір абонентке шамамен 2 500 теңге келеді. Сонда бір үйдің төлемақысы 4 000 мың теңгені құрайды. Тура сондай тариф ауылда да болады», - деп атап көрсетті Қ.Есекеев. Айта кетейік, үшжақты келісімшартты ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, «Қазақтелеком» АҚ және консорциум қол қойды. Оған сәйкес, қаржыландыру шаралары бірлесіп атқарылады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61