Bugin

Қиналғанда көрінер, кімнің қандай екені

Әр адамның өмірінде бақыт та, қиындық та қатар жүреді. Алайда бір қызығы, бақытты болған сәтінде көп адам сенімен жақын болғысы келеді. Ал қиналған сәтте сол адамдардың шынайы түрін көреді екенсің...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қиналғанда көрінер, кімнің қандай екені.
Кей жандарға сен бір тек, ойын-күлкі екенің.
Ең ауыры бірақ та, біргеміз ғой деп жүріп
Қиын кезде іздегенде, шатағым жоқ дегені.

Қиналғанда көрінер, кімнің қандай екені,
Сөзбен сөйлеп келгендер, əрекетсіз кеткені.
Ең қызығы бірақ та, шатағым жоқ дегендер,
Кешір досым, сенен маған көмек керек дегені.

Қиналғанда көрінер, кімнің қандай екені,
Жалған өмір бір-ақ сəтте өтеді де кетеді.
Ең жаманы бірақ та, осындай бір сəттерден,
Сеніп жүрген адамдарың, сенімнен де кеткені.

Қиналғанда көрінер, кімнің қандай екені,
Біреу қалып қасыңда, ал біреудің кеткені.
Ең жақсысы бірақ та, сабақ алып осыдан,
Ешкімнің де көмегінсіз əлің сенің жеткені.

Қиналғанда көрінер, кімнің қандай екені,
Айта берсең көп қой шын, осыменен жетеді.
Ең бастысы бірақ та, ешкімге де ұқсамай,
Басқалары жоғалса да, сен табылып жүргенің!