Саясат
VII шақырылған мәжілістің бірінші жалпы отырысында үкімет басшылығына ұсынылған Асқар Маминнің кандидатурасын мәжіліске енген үш партияның екеуі қолдамады
"Қазақстан халық партиясының" төрағасы Айқын Қоңыров Мамин кандидатурасын қолдамау себебін түсіндірді.
– Президент мырза, бүгін Қазақстан халық партиясы фракциясы өкінішке қарай, Асқар Маминді премьер-министр қызметінде, оның министрлер кабинетінің өкілдерін орнында қалдыру ұсынысыңызды қолдай алмайды. Сондықтан дауыс беруде қалыс қалады. Үкімет "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" бастамасы бойынша лайықты жұмыс істей алмады. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар қызметіне немкетті қарай бастады. Қарапайым халық пен олардың проблемалары есеп сандарының тасасында қалып қойды. Министрлер мен кей әкімдер халықтан теріс айналды. Бұл түсінбеушілікке әкеліп соғып, азаматтардың ашуын тудыруы мүмкін, – деді Айқын Қоңыров.
Мамин кандидатурасына дауыс беруден Ақ жол партиясының депутаттары да қалыс қалды.