Спорт
Спорт әлемінде өзгеше өзгерістер
UFC ұйымдастырушылары сайыстың допинг-бақылау ережелеріне түзетулер енгізді. Спортшыларға марихуана тұтынуға ішінара рұқсат берілді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы MMA Junkie-ге сілтеп хабарлайды.
Олардың айтуынша, марихуана қолданғанын растайтын тест ережелерді бұзбайды. Дегенмен UFC және АҚШ антидопинг агенттігі: «Егер нәтиже жақсарту мақсатында қолдану анықталса және дәлелденсе, спортшылар жазаланады» деп толықтырды.
«Кейде ағзада марихуана айтарлықтай ұзаққа созылады» деді UFC вице-президенті Джефф Новицки. Ол спортшыларға марихуана ықпалында алаңға шығуға рұқсат етілмейтінін айтты.
2020 жылдың желтоқсанында америкалық UFC спортшысы Нико Прайстың марихуана қолданғаны анықталған. Салдарынан ол 6 айға шеттетілді. Сонымен қоса, 8,5 мың доллар айыппұл төледі.