Bugin

Керек шығармын

Көп адам біздің сыртымызды ғана танып, ішкі жанымызға үңілгісі келмейді. Сыртымыздан әңгіме айтқанды жақсы көреді. Бірақ соңда да біз туралы жақсы ойлайтын да адамдар бар...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өмір-ай шіркін, қызық ертегі,
Көңілдің күйін кімдер шертеді.
Сыртымды ғана, таныса дағы,
Өсек қылатын білгіш жетеді.

Барлығы мені басқа деп білсін,
Өмір сүрмеймін біреулер үшін.
Жетеді маған санаулы адам,
Қалғаны мейлі ренжісін, күлсін.

Бойдағы ашуды сабырым жеңді,
Ғажап өмірге мүмкіндік берді.
Уақытты маған арнай алмайтын,
Адамға жұмсамайм(-ын) уақытты енді.

Осы ма бәлкім, өмірдің мәні,
Артымнан сөйлесін біткенше жаны.
Қайтемін жандарды бағаламайтын,
Бағалайтындар табылар әлі.

Біріне ұнамай, біріне ұнармын,
Біреуден биік,не төмен тұрармын.
Біреуге керек болмасам дағы,
Біреуге бәлкім керек шығармын